Біз туралы » «Еңлік» балабақшасы»
«Еңлік» балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:140940028565
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 196-46-89
"Әдіскер:
7(747) 196-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мен  құрылысшымын
17
маусым
2026
Мен құрылысшымын
Б алабақшамызда «Мен құрылысшымын» тақырыбында қызықты ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Тәрбиеленушілер құрылысшы мамандығының маңызымен танысып, олардың еңбегін құрметтеуге үйренді. Балалар құрылысқа қажетті құралдарды танып, түрлі құрылыс материалдарын пайдаланып өз қиялдарындағы ғимараттарды құрастырды. Ойын барысында ұжыммен жұмыс жасау, ұқыптылық, шығармашылық қабілеттері дамып, еңбекке деген қызығушылықтары артты.
"Абайла, бағдаршам!"
16
маусым
2026
"Абайла, бағдаршам!"
Іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер жол қозғалысы ережелерімен танысып, бағдаршамның түстері мен олардың мағынасын қайталады. Балалар жаяу жүргіншілерге арналған жолдан дұрыс өту ережелерін меңгеріп, жол белгілерін ажыратуды үйренді. Танымдық ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы бүлдіршіндер жолда өзін қауіпсіз ұстаудың маңызын түсінді. 
Ертегі "Жеті лақ"
11
маусым
2026
Ертегі "Жеті лақ"
Балабақшамызда балаларға арналған «Жеті лақ» ертегісі сахналанды. Ертегі барысында тәрбиеленушілер кейіпкерлердің рөлін сомдап, олардың іс-әрекеттері арқылы мейірімділік, сақтық, ұйымшылдық және ата-ананың ақылын тыңдаудың маңызын түсінді. Сахналық қойылым балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, есте сақтау қабілетін дамытып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Ертегілер – баланың қиялын дамытып қана қоймай, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіретін баға жетпес тәрбие
Заурбаева Назира Сейтбекқызы
18
мамыр
2026
Заурбаева Назира Сейтбекқызы
Заурбаева Назира Сейтбекқызы 09.04.1980 жылы Жамбыл облысы,Меркі ауданында дүниеге келдім.1986 жылы мектеп табалдырығын аттады.1996 жылы Абай атындағы гумманитарлық колледжіне түсіп,1999 жылы бітіріп шықтым. Еңбек жолымды 1999 жылы Юрий Гагарин атындағы мектепте бейнелеу өнері мұғалімі болып жұмыс атқардым.2009 жылы Тараз мемлекеттік педагогика-психолог мамандығына түсіп, Жылы бітіріп шықтым.Тұрмыстамын.Екі баланың анасымын.. 2016 жылдан бастап «Еңлік» балабақшасында меңгеруші болып жұмыс